«Бекітемін»

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік

орталығының директоры

______________ Д.Жаманбаева

  

«Ең үздік білім беру ұйымының сайты»

облыстық сырттай байқауының ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Ең үздік білім беру ұйымының сайты» облыстық сырттай байқауының (бұдан әрі – байқау) өткізілу тәртібі мен уақытын, мақсаты мен міндеттерін, мәртебесін, жұмыстарды бағалау өлшемі және қорытындыларын шығару жұмыстарын анықтайды.

 

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

-  Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін және сайттар арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын арттыру, облыстың білім беру ұйымдарының үздік сайтын анықтау, қолдау және тарату.  

Міндеттері:

- сайттың жаңартылған мазмұнда болуы;

 - ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы білім беру ұйымдарының шығармашылық қызметін жандандыру және ынталандыру;

-  білім беру ұйымдарының іс-тәжірибелерінің таралуына мүмкіндіктер тудыру.

 

3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқаудың басталуы туралы ақпарат 2021 жылдың 22 қазанынан бастап Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының http://bilimaktobe.kz сайтында жарияланады.

3.2. Байқау ағымдағы жылдың 25 қазан-12 қараша аралығында ақылы түрде өткізіледі. Ұйымдастыру жарнасы – 4000 теңге. Жарнаны онлайн тәртібінде kaspi қосымшасы арқылы (АОҒТО теру негізінде) төлем жасауға  болады.

3.3. Байқауға облыстың барлық білім беру ұйымдары қатыса алады. Байқау өлшемдеріне сәйкес келетін сайттар ғана байқауға жіберіледі. Байқауға қатысу үшін 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.  электрондық поштасы арқылы сұраныс ұсыну қажет.  

3. 4. Ұсынылған сайттарды бағалау бойынша байқау комиссиясының жұмысы 2021 жылдың 15-16 қараша аралығында жүргізіледі.

3.5.Сайттарды бағалау мен жеңімпаздарды анықтау қашықтық түрде өтеді.          

5. Байқауды бағалау өлшемдері

5.1. Ресми интернет-ресурстар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі №114/НК бұйрығына сәйкес орналастырылуы қажет.

6. Байқау қорытындыларын  шығару және жеңімпаздарды марапаттау

1.Байқаудың қорытындылары туралы ақпарат 2021 жылғы 16 қарашада http://bilimaktobe.kz сайтында жарияланады.

2.Жеңімпаздар Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының дипломдарымен марапатталады.

3.Қазылар алқасының шешіміне байланысты қосымша номинациялар қарастырылады.

«Ең үздік балабақша сайты»

«Ең үздік мектеп сайты»

«Ең үздік қосымша білім беру ұйымының сайты»

«Ең үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының сайты»

Сұраныс үлгісі

Қала, ауданы

Білім беру ұйымының атауы

Сайттың аты, сілтемесі

Жауапты маманның аты-жөні

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

Қосымша

Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем жасау жолы:

1. «Төлем» (Платежи) бөлімін таңдау

2.  «Барлығы» (Все) бөлімін таңдау

3. «Білім» (Образование) бөлімін таңдау

4.  «Курс және қосымша білім беру» (Курсы и Доп.обр.) бөлімін таңдау

5.  Мекеме атауын таңдау (Актюбинский областной научно-практический центр)

6. Төлем жасаушының ТАӘ (ФИО плательщика)

7. Қатысушының ТАӘ (ФИО участника)

8. Төлем атауы (мысалы: Байқау сайт)

9. Төлем суммасын көрсету

10.Төлем жасау.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1