2021 жылғы 16 қыркүйек күні Адамның үйлесімді дамуы институты  ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Бақыт Алиевтің жетекшілік етуімен өткізілген әдістемелік вебинарға облыстың мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы негізгі және пилоттық ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәні педагогтері, ұйым әдіскерлері қатысты.

Республикалық вебинар барысында Бақыт Алиев «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша жан-жақты түсінік беріп, педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың маңыздылығы туралы әдістемелік тұрғыда таныстырылым  жасады.

Вебинардың практикалық бөлімінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбарша Жиенкулова «Колледжде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында оқу-тәрбие үрдісін бақылау және бағалау» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

Жұмыс соңында ұсыныстар қабылданып, кері байланыс жасалынды.

 
FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1