📌 Мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған  тұлға  тәрбиелеу.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директоры Жаманбаева Дина Узакбаевна алғы сөз алып, жаңа оқу жылының  жаңашылдықтарымен бөлісіп қатысушыларға сәттілік тіледі.

📌  Семинар  барысында баяндамашылар келесі тақырыптары бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті: 

🔘 Бакиева Гулдана Кенжегалиевна (Ақтөбе облысының  білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас  маманы), «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы»;

🔘  Мукумов Нуржан Алпысбаевич  (Ақтөбе облысы полиция департаменті ювеналды полиция тобының аға инспекторы), «Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу»;

🔘 Нұрмұхамедова Данагүл Бегімқызы (Ақтөбе облысының  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын басқару орталығының, «Тәрбие және білім беру жобалары»  бөлімінің маманы),  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының жүзеге асырылуы»;

🔘  Канбаев Муратбек Сабырович (Ақтөбе байланыс колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары),  «ТжКБ ұйымдарындағы тәрбие жұмысын заман талабына сай калыптастыру»;

         🔘 Ақдаулетова Айнагуль Нигметовна (Жайсаң көпсалалы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары),  «Особенности и содержание воспитательной работы в колледже» тақырыптарында  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында орталықтың  директоры Жаманбаева Дина Узакбаевна бірқатар ойға тоқталып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, тәрбие жұмысының нормативке сәйкес базасын  нығайту, педагогикалық жұмыстардың деңгейін көтеру, білім алушыларға толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау, тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен ақпараттандырып өтті.

Шараға ТжКББ ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасарларымен топ кураторлары, жатақхана жетекшілері  қатысып, өзара пікір алмасты.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1