Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні облыстық тамыз конференциясы аясында облыстың информатика пәні мұғалімдеріне арналған секциялық жұмысы ұйымдастырылды.  Шараға 300-ге жуық информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Секция жұмысы барысында Kundelik.kz компаниясының  басшысы Ілиясов Мұхтар Мақсұтұлы «Күнделік жүйесінің жаңа функционалдары және жаңалықтары» тақырыбында баяндама жасап, Күнделік жүйесінің жаңа мүмкіндіктерімен таныстырды.

«2021-2022 оқу жылындағы информатика және цифрлық сауаттылық пәндеріндегі ерекшеліктері» тақырыбында №6 Хромтау гимназиясының информатика пәні мұғалімі Жаржанова Жайнагуль Қуандыққызы жаңа оқу жылындағы ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Секция отырысында BilimMedia Group компаниясының өкілі  Цифрлық білім берудегі аралас оқыту (дәстүрлі/цифрлы формат)» тақырыбында баяндама жасап, «BilimLand – ұлттық білім беру экожүйесінің мүмкіндіктеріне тоқталып, жаңа оқу жылындағы жаңалықтармен бөлісті.

«Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму тенденциялары» тақырыбында №60 жалпы білім беретін орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі Абен Талғат қазіргі ақпараттық, цифрлық технологияларды қолдану бойынша ақпарат берді.

«Заманауи цифрлық платформалар арқылы мектептерде қосымша білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында Жумагулова Нургуль Айтуғанқызы, Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейінің информатика пәні  мұғалімі Steаm-online.kz платформасымен таныстырып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ІТ-технология бөлімінің меңгерушісі Скакова Жемис Бердигалиевна шараның жүргізілуіне жетекшілік етті.

Секция отырысы жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтерге пікір алмасуға, өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік берді.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1