Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының ұйымдастырумен тамыз кеңесі аясында қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына арналған «Қосымша білім беруде әдістемелік қызметті ұйымдастыру: ЖАҢА БАҒЫТ, ІЗДЕНІС, НӘТИЖЕ» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің аясында секция отырысы өткізілді. Секция жұмысына Zoom платформасында on-line тәртібінде 500-ге жуық Ақтөбе облысы білім басқармасының мамандары, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының әдіскерлері, қалалық,аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру жөніндегі әдіскерлер,қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен әдіскерлері, педагогтар қатысты.

Секцияның мақсаты- Қосымша білім беру балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуі,олардың кәсіби бағдарлануы, ерекше қабілеттерін көрсеткен балаларды анықтау және қолдау. Қосымша білім беру мазмұнын жаңарту, қазіргі заманғы сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру. Ұйымдастыру барысындағы туындайтын сұрақтар мен мәселелерді талқылау.

Секция жұмыс барысынла Ақтөбе облыстық білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы А.І.Ізбасар Облыста балаларға қосымша білім беруде тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның ішінде қосымша білім беретін мекемелер жүйесін сақтау және дамыту мәселесі бойынша кеңестер берді.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары Атажанова Лилия Алдабергеновна «Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру ұйымдарындағы 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктеріне» тоқталып, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Садыкова Нұргүл Госманқызы «ALTYN URPAQ» жобасының жүргізілу барысымен таныстырды.

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми- тәжірибелік қосымша білім беру орталығының шығармашылықты дамыту және қосымша білім беру бөлімінің басшысы А.Ж.Бисекова «Қосымша білім беру жағдайында дарынды балалардың дарындылығын және қабілеттерін дамыту», Ақтөбе қаласы, «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-ның директоры Н.Б.Мусабекова «Балаларға қосымша білім беру ұйымдарында оқушылардың эстетикалық, техникалық шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша түрлері», «Қалалық жас натуралистер станциясы» КММ-нің директоры О.Т.Сенғалиев «Қосымша білім беру жағдайында туристік-өлкетану және экология-биологиялық бағыттарда жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын дамыту ерекшеліктері», Ж.К.Илясова, Мартук ауданының «Қамбар Медетов атындағы балалар өнер мектебі»КММ-нің директоры «Мектептен тыс білім беру мекемесінде әдістемелік жұмысты жандандыру арқылы қосымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберліктерін арттыру», Т.Қ.Тілеш, Шалқар ауданының «Оқушылар сарайы» КММ-нің директоры «Қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру жағдайында оқушыларды кәсіби бағдарлау жолдары» тақырыбында өзекті мәселелерді талқылап,өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті.

Секциялық жұмысының қортындылау барысында Ақтөбе облыстық білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы А.І.Ізбасар өз іс-тәжірбиелерін шеберлікпен көрсеткен спикерлерді Ақтөбе облыстық білім басқармасының атынан алғыс білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1