2021 жылғы 16 – тамызда «Білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің аясында секциялық отырыс өткізілді. Оған білім бөлімдерінің мамандары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтары қатысты. Жалпы қатысқан педагогтар саны – 100.

Алғашқы сөз кезегі Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі Булбул Мусиралинаға берілді. Секциялық отырыста Ақтөбе облысының білім басқармасының бас маманы Батима Айтбаева «Білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша ҚР нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылған өзгерістер» туралы түсіндірді. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбы төңірегінде Алға ауданы, №1 Алға мектеп-бақшасының әлеуметтік педагогы іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Алтынай Маханова қатысып, аталған тақырыптар төңірегінде кеңестер берді. «Білім беру мекемелері әлеуметтік педагогтарының жүргізетін құжаттары» туралы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері Сымбат Марат баяндады.

Шара соңында қатысушылармен кері байланыс орнап, сұрақтарға жауап берілді.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1