Ағымдағы жылдың 16 маусым күні Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық ғылым тәжірбиелік орталығының ұйымдастыруымен «Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында вебинар өткізілді.

Шараға облыстағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысты мекемелер өкілдері, Ақтөбе облысы білім басқармасының мамандары, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының әдіскерлері, қалалық,аудандық білім бөлімінің басшылары және балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары мен оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарына жауапты мамандар мен әдіскерлер, қала сыртындағы лагерьлер өкілдері, жалпы білім беретін мектеп директорлары, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Шараның басты мақсаты: Оқушылардың жазғы еңбек демалысын қауіпсіз ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету.

Вебинарды Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бертлеуова Нұргүл Лескенқызы мен Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірбиелік орталығы директоры Жаманбаева Дина Ұзақбайқызы алғы сөзбен ашты.

Шара барысында тыңдалды:

«Жазғы демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары» Қасым Қайрат Жарылқасынұлы - Ақтөбе облысының ТЖД-нің бастығының орынбасары,полковнигі

«Жазғы сауықтыру лагеріне қойылатын санитариялық талаптар» - Ршауова Лаура Адилхановна - Ақтөбе облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы

«Жазғы маусым кезіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары»

Марзакенова Анар Болатовна-Ақтөбе облысы полиция департаменті Ювеналдық полиция тобының аға инспекторы,полиция капитаны

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар- дың және балалардың темір жолдарда жарақаттануының алдын-алу профилактикасы» - Артықов Жакен Амантайұлы - Көлік полиция департаменті Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі

Сондай-ақ,Ташпентаев Айболат Ғалымұлы - «Campit» қала сыртындағы сауықтыру кешенінің директоры « Қала сыртындағы сауықтыру кешенде оқушылардың жазғы еңбек демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру түрлері», Турганбаева Мирамгуль Бердибаевна - №60 жалпы білім беретін орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Мектеп жанындағы оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру» , Айдана Темірбекқызы - Алға қаласындағы «Жастық жігер» мектептен тыс аула клубының педагог ұйымдастырушысы «Қосымша білім беру ұйымдарында жаз мезгіліндегі балалардың бос уақытын тиімді пайдалану» тақырыптар бойынша өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар вебинар барысында туындайтын сұрақтар мен мәселелерді талқылап, алған жағымды әсерлерімен ой-пікірлермен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1