2021 жылдың 10-шы маусым күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ» атты облыстық шығармашылық шеберханасының ІІІ отырысы ZOOM форматында өтті.

Шеберхана Ақтөбе қаласы №69 жалпы білім беретін орта мектебінің психологы А. Саинның ұйымдастыруымен «Өз өміріңнің қожайыны» проективті әдістемесімен басталды. Ақтөбе қаласы №69 жалпы білім беретін орта мектебінің география және өзін-өзі тану пәні мұғалімі, облыстық шығармашылық шеберханасының жетекшісі А. Султангалиева «Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінің ролі» тақырыбында өз баяндамасын ұсынды. Баяндама барысында қазіргі таңдағы отбасында ата-ана тарапынан болатын кемшіліктер салдарынан қыз бала тәрбиесінің бұзылуы туралы видео-ролик көрсетіліп, қатысушылармен пікір аламасты. Сондай-ақ, №69 ЖББОМ-інің бастауыш класс мұғалімі А. Жақыпова "Қайда бүгін Тұмар патшайым сіңілісі..." тақырыбында бұрынғы заман батыр қыздары мен қазіргі заман батыр қыздары туралы әңгімелеп, қатысушылармен ой бөлісті. Жұмыс соңында «Қыз бала тәрбиесінің 10 әдіс-тәсілі" туралы ағылшын пәнінің мұғалімі Г. Серибаева өз кеңесін көпшілікке ұсынды. Отырыс өз дәрежесінде өтіп, шеберханаға қатысушы мамандар өтілген жұмыс барысын оң бағалап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

Бөлім басшысы         А.Наренова

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1