М.Тынышбаева, 43а

info@aktedu.kz

8 (7132) 90 58 11

Ағымдағы жылғы 8 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай информатика пәні мұғалімдеріне қашықтан оқытуға әдістемелік көмек беру мақсатында онлайн тәртібінде ашық сабақ өткізілді.

Сабақты Ақтөбе қаласы № 72 ЖББО ІТ-мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Жумагулова Нургуль Айтугановна информатика пәнінен 7 класқа «Нысандардың үш өлшемді модельі» тақырыбында өткізіп, оған барлығы 100 мұғалім қатысты.

Сабақтың мақсаты нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру. Classroomscreen, Pool, Tinkercad бағдарламаларымен жұмыс жасалды. Оқушылар 3D модельдердің түрлерін ажырату максатында Jamboard виртуалды тақтасында зерттеу жүргізіп постер жасады. Сабақ барысында оқушыларға тапсырмалар беріліп, оқушылармен кері байланыс жасалды. 3D модельдермен жұмыс жасауға ыңғайлы орта Tinkercad-та мысалдар көрсетілді тапсырманы бағалау Pool бағдарламасында жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға «bilimland.kz» сайты арқылы тапсырмалар беріліп, бағаланатындығы айтылды.

Ашық сабақ ZOOM платформасында онлайн тәртіпте өткізіліп, сабақ түсіндіруге 20 минут, оқушыларға тапсырма беруге 4-5 минут, кері байланысқа 10 минут уақыт берілді.

Қатысушы мұғалімдер сабаққа талдау жасап, өзара пікір алмасты

FaLang translation system by Faboba

ПОЛЕЗНЫЕ САЙТЫ

Полезные сайты государственных учреждений Республики Казахстан

client 1 client 1 client 1 client 1