
Білімі:
- 1988 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына түсіп, 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Біліктілік санаты: «Педогог -шебер», (2020 ж) «бірінші санатты басшы» (2025 ж)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
- 1993-1996 жылдары Ақтөбе облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
- 1996-1997 жылдары Ақтөбе облыстық физика-математика мектеп интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
- 1997-2004 жылдары Қалалық білім бөлімінің әдіскері
- 2005-2008 жылдары Ақтөбе қаласындағы №39 қазақ орта мектебінің директор орынбасары
- 2008-2009 жылдары "Тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарма"ММ аға әдіскер
- 2009-2012 жылдары "Тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарма" ММ оқу-ұйымдастыру, сараптама бөлімінің бастығы
- 2012-2013 жылдары «Ақтөбе облыстық оқу әдістемелік орталығы» ММ жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі
- 2013-2021 жылдары «Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы» директордың орынбасары
- 2021-2022 жылдары «Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының » директоры
- 2022-2025 жылдары "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ басшысының орынбасары
Жетістіктері:
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынған Қазақ тілі, 6 класс оқулығының авторы 2015 жыл
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынған Қазақ тілі, 3 класс оқулығының авторы 2017 жыл
Марапаттары:
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті -2021 жыл
- Ақтөбе облысының әкімінің Алғыс хаты – 2025 жыл
- Ақтөбе облысының Білім басқармасының Алғыс хаты 2025 жыл

