Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы төмендегідей мамандандырулар бойынша "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:
ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
ІІО жедел-криминалистикалық қызметі (криминалистикалық, дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық зерттеу, суық қаруды зерттеу жүргізуге рұқсат алумен).
ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
- мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту. Тұрмысқа жайлы жатақханада тұру, стипендия алу, тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету, күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендерге (оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі) каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), темiржол және су көлiгiмен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейiн қайтуға жол жүру ақысы төленедi:
- түлектерді арнайы бөлуге сәйкес оларды қызметін өткеруге жіберумен жұмысқа орналастыру;
- оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге "құқық қорғау қызметі бакалавры" біліктілігі берілумен белгіленген үлгідегі диплом беріледі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен "полиция лейтенанты" арнаулы атағы беріледі.
ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта бiлiмi бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.
ҰБТ тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындарының базасында 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес кез келген нұсқада (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейінді пәнді өз бетінше таңдай алады.
Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Құжаттар медициналық куәландыруға жолдама алу және қажетті құжаттарды ресімдеу үшін Академияның ресми интернет - ресурсы арқылы (kpa.gov.kz) "бакалавриат" онлайн сілтемесі бойынша түскен жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
Медициналық куәландырудан, арнайы тексерістен және ҰБТ сәтті өткен оқуға үміткерлер медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелері ескеріле отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Академияның оқу-далалық лагеріне шақырылады.
«Жас заңгер мектебінің» негізгі мақсаты – 8-11-сынып оқушыларын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, заңтану және құқық саласындағы ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. Жастарды болашақ мамандығын таңдауға кәсіби бағдарлау, олардың құқықтық мәдениет деңгейін және заңдық сауаттылығын арттыру.
«Жас заңгер мектебінде»сабақты ІІМ Қарағанды академиясының оқытушылық құрамы жүргізеді. Аудитория Қарағанды қаласында орналасқан, бірақ Қазақстанның басқа қалаларында тұратын балалар үшін «Skype» арқылы қашықтықтан оқыту мүмкіндігі бар.
Оқыту бағдарламасы өте ауқымды, Қазақстан Республикасының заңнамасын: қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, еңбек және өзге де нормативтік құқықтық актілерді зерттеумен қатар, практикалық сабақтар, рөлдік және зияткерлік-дамыту ойындары өткізіледі, оның барысында балалар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне айналады, ал біреу адвокат және тіпті судья рөлінде болады. Сондай-ақ, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық сот отырыстарына қатысу көзделген. ІІМ Қарағанды академиясының базасында «курсант өмірінің бір күні»атты өте қызықты іс-шара өткізіледі, онда балалар курсант өмірінің барлық атмосферасын сезінуге мүмкіндік алады.
Сабақ барысында ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлері, адвокаттар мен прокурорлар өздерінің кәсіби құпияларымен бөліседі.
Бұл іс-шаралар «Жас заңгер мектебінің» «Instagram» парақшасында (@JAS_ZANGER_MEKTEBI) жарияланған.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
«Жас заңгер мектебінің» сертификаты Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына түсу үшін ҰБТ балдары тең болған жағдайда артықшылық береді.
Барлық қызықтыратын сұрақтарға 8-771-773-9178 телефоны бойынша жауап береміз.
2022 жылғы 15 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіби бағдар беру бөлімінің жоспарына сәйкес өткізілген іс-шара, мектеп түлектерінің медициналық салаға қызығушылықтарына бағытталды.
"Болашақ бүгіннен басталады!" тақырыбындағы іс- шара Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің базасында Ақтөбе қаласының №62, №42, №22 мектептерінің 9-11 түлектерінің қатысуымен өткізілді. Шара барысында колледж базасында экскурсия жүргізіліп, медициналық мамандықтардың қыр-сыры, әр мамандық бойынша толық ақпарат беріліп, мектеп түлектерінің медицина мамандығына қызығушылықтарын арттыра білді. Сондай-ақ, тәжірибе жүзінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді, қан тамырына, бұлшық етке шаншу салу әдісін, қан құрамын талдауды, науқасты алғашқы диагностикадан өткізуді үйретіп, оқушылардың мамандыққа икемділіктерін анықтады.
Мектеп түлектерінің мамандықтар бойынша сұрақтарына жауап беріліп, шара қорытыланды.
КӘСІБИ БАҒДАР.ӨНДІРІС. ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ.
Кәсіби бағдар беру жұмысының екінші бөлігі «Өндірістегі бір күн» тақырыбында мектеп түлектерінің техникалық мамандықтарына қызығушылықтарына бағытталды.
Өндірістегі бір күн Ақтөбе автожол колледжінің оқытушыларымен бірлесе «TOYOTA», «LEXUS» Ақтөбе авто центр» орталығының өндірістік базасында №68 жалпы білім беретін орта мектебінің 9-11 сынып түлектерінің қатысуымен өтті. Мекеменің бас инженер-механик маманы «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Менеджмент» мамандықтары бойынша толық ақпарат беріп, өндірістегі сату, тұтынушыға қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары жүргізілетін ТҚС, көлікке диагностика жасау алаңына экскурсия жүргізіп, қатысушы түлектердің осы мамандықтарға қызығушылықтарын арттырды. Оқушылар техник-механик, слесарь, көлік сырлаушысы, тұтынушыға қызмет көрсету менеджерінің толық бір жұмыс күні атқаратын қызметімен таныса отырып, тәжірибе жүзінде өз қабілеттері мен мамандыққа икемділіктерін анықтады
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 13 мамыр күні "Болашақ бүгіннен басталады!" тақырыбында ТжКББ ұйымдарындағы педагогикалық мамандықтарды дәріптеу мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысы өтті.
Шара барысында білім беру ұйымдарының 9-11 сынып мектеп түлектеріне облысымыздағы ТжКББ ұйымдары даярлайтын педагогикалық мамандықтар туралы ақпарат беріліп, түлектердің қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру реттілігі, тәртібі туралы сөз етілді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар облысымыздағы 42 колледждің мамандықтары туралы "Мамандықтан навиготоры" порталы арқылы қосымша ақпарат алу мүмкіндігі, шәкіртақы мөлшері, жатақхана, жұмысқа орналасу көрсеткіштерімен де танысты.
Іс-шара соңында орталықтың психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің психолог-әдіскері Нурбакыт Жанбырбаевна «Psy time» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, оқушылардың педагогикалық мамандыққа бейімділігін бағалай алды.
Ашық диалог алаңында мектеп түлектерінің мамандықтар бойынша сұрақтарына жауап беріліп, шара қорытыланды.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 маусым күні «Ата-анамның мамандығы» тақырыбындағы шара ТжКББ ұйымдарында білім алып жатқан студенттердің, ауылшаруашылық, теміржол, мұнай-газ саласында қызметте жүрген ата-аналарының бір жұмыс күнімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында білім беру ұйымдарының 9-11 сынып мектеп түлектеріне облысымыздағы ТжКББ ұйымдары даярлайтын техникалық мамандықтары туралы ақпарат беріліп, түлектердің қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру реттілігі, тәртібі туралы сөз етілді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар облысымыздағы 42 колледждің мамандықтары туралы "Мамандықтан навиготоры" порталы арқылы қосымша ақпарат алу мүмкіндігі, шәкіртақы мөлшері, жатақхана, жұмысқа орналасу көрсеткіштерімен де танысты.
Іс-шара соңында орталықтың психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің психолог-әдіскері Арайлым Амангельдиевна «Psy time» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, оқушылардың техникалық мамандыққа бейімділігін бағалай алды.
Ашық диалог алаңында мектеп түлектерінің мамандықтар бойынша сұрақтарына жауап беріліп, шара қорытыланды.
"ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ-2022" ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
2022 жылғы 29 қараша күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Үздік кәсіби бағдар беруші-2022» іс-шарасы аталып өтті. Шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және олардың әлеуметтік серіктес мекеме мамандары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық ұйымы және 100-ден астам мектеп оқушылары қатысты.
Шара облыс колледждері арасында үздік кәсіби бағдар берушісін анықтау мақсатында байқау түрінде өткізілді. Байқау кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздеу, мектеп оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға қызығушылықтарын арттыру және аймақтық еңбек нарығының мүдделерін ескере отырып, колледж мамандықтарын дәріптеуге бағытталған.
Шараға қатысқан мектеп оқушылары ауылшаруашылық, гуманитарлық, техникалық және медициналық мамандықтарының қыр-сырларымен, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға құжат тапсыру мүмкіндіктері, дуалды оқыту жүйесі, жас кәсіпкер бағдарламасы бойынша ақпарат алды. Көрмені өткізу формасын таңдау кезінде қазіргі оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктері және олардың өзін-өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысы ескерілді.
Үш кезеңнен тұратын облыстық байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты. Қатысушылар кәсіптік бағдар беру қызметін ұйымдастыру мен үйлестірудегі жаңа тәсілдер тұжырымдамасына жауап беретін, сондай-ақ оқушылардың облыстағы колледж мамандықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыратын жұмыстың инновациялық нысандарын ұсынды. Сондай-ақ, «Мамандықтар көрмесі» тақырыбында павильон әзірлеп, жыл бойы кәсіби бағдар беру бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерін «Кәсіби бағдар беру-мамандықты дұрыс таңдаудың алғы шарты» тақырыбында TEDx форматында әлеуметтік серіктес мекеме маманымен бірге қорғады.
Байқауға қатысқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық ұйымының және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының диплом, алғыс хат, шипажайға жолдама және қаржылай сыйақылармен марапатталды.