Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«ЕҢБЕГІ АДАЛ-ЖАС ӨРЕН» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР

2026 жылдың 11 наурыз күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал-жас өрен» жобасын жүзеге асыруға арналған облыстық вебинар өтті.

Мақсаты - білім беру ұйымдарында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын нәтижелі жүзеге асырудың тиімді тетіктерін айқындау, білім алушылар бойына құндылықтарды дарытуда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді тарату.

Вебинарға 200-ге жуық мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері және жоба жетекшілері қамтылды.

Вебинар барысында аталған жобаны іске асырудың тиімді жолдары қарастырылды. Педагогтер тәжірибелерімен бөлісіп,  кәсіби бағдар беруде әлеуметтік серіктестіктердің рөлі, білім алушылардың болашақ мамандықтарын таңдауда кәсіби шеберлік чемпионаттарының ықпалына тоқталды. Жобаны іске асырудың тиімді форматтары талқыланып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік берілді.

         2025 жылдың 17 ақпанында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын тиімді жүзеге асыру тәжірибесімен алмасу мақсатында облыстық онлайн семинар-практикумы өтті. Бұл іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әзірленген жобаны дамытуға және оны білім беру мекемелерінде жүйелі түрде енгізуге бағытталған.

Семинарға облыстың 100-ден астам мектебінен мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер және жобаға жауапты мамандар қатысты. Қатысушылар өз мектептерінде атқарылған жұмыстармен бөлісіп, жобаны жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелер мен олардың шешу жолдары туралы пікір алмасты.

Семинардың негізгі мақсаты – білім алушылардың әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, еңбек құндылықтарын насихаттау және оқушылардың еңбекке деген жауапкершілігін қалыптастыру. Бұл жоба арқылы оқушылардың бойында табандылық, адалдық, жауапкершілік, тәртіптілік секілді қасиеттерді дамыту көзделген.

Шара барысында педагогтер мен жоба үйлестірушілері өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды еңбекке баулудың озық әдістерін талқылады. Әртүрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру, мектеп жанындағы өндірістік алаңдарда тәжірибе жинақтау, кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу және еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған жобалармен таныстыру мәселелері қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар «Еңбегі адал – жас өрен» жобасының оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастыруда және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта жобаның ауқымын кеңейту және мектептер арасында тәжірибе алмасу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттілігі айтылды.

Осылайша, бұл онлайн семинар білім беру саласындағы тәрбие жұмысының жаңа қырларын ашуға, еңбекке баулу шараларын жетілдіруге және мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT