«ҚАМҚОР» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР
https://bilimaktobe.kz/kz/proekt-am-or#sigFreeId39cda26c98
2026 жылдың 10 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасын жүзеге асыруға арналған облыстық вебинар өтті.
Мақсаты - білім беру ұйымдарында «Қамқор» жобасын нәтижелі жүзеге асырудың тиімді тетіктерін талқылау, білім алушылар бойына құндылықтарды дарытуда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді тарату.
Вебинарға 150-ге жуық мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жоба жетекшілері қамтылды.
Вебинар барысында білім беру ұйымдарында әлеуметтік қолдау көрсету, оқушылардың жанашырлық, мейірімділік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, тәжірибелік кейстер ұсынылды. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асырудағы өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары да талқыланды.
https://bilimaktobe.kz/kz/proekt-am-or#sigFreeId393ad655a9
2025 жылдың 31 қаңтар күні «Қамқор» жобасын тиімді жүзеге асыру тәжірибесімен алмасу мақсатында облыстық онлайн семинар-практикумы өтті. Бұл шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әзірленген жобаны дамытуға бағытталған.
Семинарға 80-ге жуық мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері және жобаға жауапты мамандар қатысты.
Іс-шара барысында аудандық және қалалық білім беру ұйымдарының өкілдері өз мектептерінде «Қамқор» жобасын енгізу тәжірибесімен бөлісті. Спикерлер жобаны іске асыру барысында кездескен қиындықтар, оларды шешу жолдары және қол жеткізген жетістіктері туралы айтты.
Семинарда «Қамқор» жобасының негізгі бағыттары, оның маңыздылығы және білім беру ұйымдарына енгізу тәсілдерін жан-жақты талқыланды.
Семинар-практикум «Қамқор» жобасының кеңінен танылуына және тәрбие жұмысында тиімді әдістерді қолдануға ықпал етті.
Қатысушылар жоба баланы тәрбиелеудегі оң әсерін атап өтіп, оны одан әрі дамыту қажеттілігін айтты.

