Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларын жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде даярлау үшін халықаралық аккредиттеуден өтуінің маңыздылығын түсіндіру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Халықаралық стандарттарға сай бағдарламалармен жұмыс жасау» атты өңірлік кездесу өткізілді.

Шараға қатысқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына халықаралық салалық аккредиттеу өту бойынша Атырау "АРЕС Training Center" орталығының іс-тәжірибесі насихатталды.
Сондай-ақ, 2024 жылы халықаралық аккредиттеуден өткен Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің тәжірибесі таныстырылып, оның аккредиттеу процесі мен қол жеткізген нәтижелері үлгі ретінде ұсынылды.
Сонымен қатар, әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында колледждер мен орталық арасында меморандумға қол қойылды.
Бұл іс-шара кәсіби білім беру сапасын жақсартуға және білім алушыларды халықаралық деңгейде даярлауға бағытталған маңызды қадам болды.
Өңірге келген қонақтарымызға Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар, сервис және автожол колледждерінің озық тәжірибесі таныстырылып, олардың білім беру процесіндегі инновациялық әдістері мен жетістіктері көрсетілді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT