2025 жылдың 14 ақпан күні Байғанин орта мектебінде тәрбие жұмысының сапасын арттыру және тұлғаны тәрбиелеудің біртұтас жүйесін қалыптастыру мақсатында "Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие – ұлт болашағы" тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/80-ltty-ndyly-tar-a-neg-zdelgen-t-rbie-lt-bolasha-y#sigFreeId4b124e8e5b
Семинарға Ақтөбе облысының аудандарынан келген директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер және педагогтар қатысты.
Семинардың ашылуында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мектеп фойесінде оқушылар, ата-аналар мен ұстаздардың туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы", "Ұлттық тәрбие бастауы – отбасы" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, математика пәнінде ұлттық құндылықтармен ұштастырылған "Ондық бөлшектерді есептеу" тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жұмысы аясында "Аналар" мектебінің шеберлік сағаттары өтті.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасындағы "Қамқор", "Smart bala", "Балалар кітапханасы", "Шабыт" жобалары қатысушылардың ерекше назарын аудартты.
Семинарды қорытындылау барысында әріптестер кері байланыс жасап, оның мазмұнды, пайдалы әрі құнды болғанын ерекше атап өтті. Қатысушылар өзара іс-тәжірибе алмасқан бұл облыстық көшпелі семинардан ерекше әсер алды.