Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Pro-Qoldau» жобасы аясында Байғанин техникалық колледжінде «ТжКББ ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/384-tzhkbb-jymdary-pedagogter-n-k-s-bi-zyrett-l-g-n-damytu-zhet-ld-ru#sigFreeId004b4e92b6
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/384-tzhkbb-jymdary-pedagogter-n-k-s-bi-zyrett-l-g-n-damytu-zhet-ld-ru#sigFreeId004b4e92b6
Шараның негізгі бөлімінде Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Екібасова Бибігүл Ілесқызы «Колледждегі білім беру бағдарламасын жаңғырту: заманауи әдістер мен цифрлық шешімдер негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру», Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Баймукашева Жұлдыз Нұрхожақызы «Өндірістік тәжірибені ұйымдастыруды жетілдіру: дуальды оқыту, цифрлық технологиялар және құзыреттілікке негізделген тәсілдер арқылы кәсіби маман даярлау», Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Умирзакова «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыбында білім беру бағдарламаларын жаңғырту, дуальды оқыту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылып, тәрбие жұмысы мен әдістемелік қызметтің рөлі кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледж әдіскері Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызының «Цифрлық жүйелерде педагог құжаттарын жүктеу: “Ұстаз”, “Үздік педагог” және «Е-Gov» мүмкіндіктері» тақырыбында педагог құжаттарын цифрлық жүйелерде рәсімдеу мүмкіндіктері таныстырылып, жасанды интеллектті оқу үдерісінде қолдану жолдары көрсетілді. шебер класы көрсетіліп, тың ақпаратымен бөлісті.
Сонымен қатар, тәжірибелік бөлімде Байғанин техникалық колледжі педагогтерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, семинар қорытындыланды.

