Облыстық «5 Б» жобасы: тәжірибе мен нәтижеге бастар тиімді алаң
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/382-5-b-zhobasy-ba-ylaudan-n-tizhege-t-zh-ribeden-zhet-st-kke#sigFreeId3ae41bdb5a
Семинардың басты мақсаты – білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәсілдерді талқылау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Ашық диалог пен еркін пікір алмасу жағдайында өткен жиын қатысушыларға тың серпін сыйлады.
Іс-шара барысында бірқатар өзекті бағыттар қамтылды. Атап айтқанда, сапалы жоспарлау мәселесіне ерекше назар аударылып, қысқа мерзімді жоспарды тиімді әзірлеудің жаңа тәсілдері ұсынылды. Педагогтер тәжірибелік мысалдар арқылы сабақ құрылымын жетілдіру жолдарын талқылады.
Катарбаева Жанар Жумабековна Ақтөбе қаласы. «Әлимхан Ермеков атындағы № 23 орта мектеп - лицейі» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, нормативтік құжаттармен жұмыс жүргізу тәртібін кеңінен түсіндірді. Білім беру жүйесіндегі инновациялар туралы сөз қозғалды. Жаңа бағдарламалар мен платформалардың оқыту сапасын арттырудағы рөлін нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Білім беру саласындағы жаңартылған нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасалып, құжаттарды сауатты жүргізу мен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтті.
Бисембаева Актоты Жалғасбайқызы Ақтөбе қаласы № 61 жалпы орта білім беретін мектеп директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінен, әдістемелік сүйемелдеу бағыты да назардан тыс қалмады. Бұл бөлімде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, сабақ сапасын жақсарту және заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша нақты ұсыныстар берілді. Тәжірибелік бағыттағы жұмыстар қатысушылардың қызығушылығын арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар бірнеше әдіс-тәсілдерді мұғалімдермен бірігіп, қолданып іске асырудың түрлерін көрсетті.
Касымова Жанна Суйндиковна Ақтөбе қаласы № 83 жалпы білім беретін орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, қоңырау уақытында оқушыларды қандай көңіл күйде күтіп алу, көңілді қоңырауды ұйымдастыруға тиімді ойындардың тәсілдерін көрсетті. Оқушыны жақсы тану мақсатында пікірлесу, сырласудың әдіс тәсілдерін нақты атап өтті. Бірлікті нығайту мақсатында «Өз есіміңді ерекше таныстыр», «Шеңбердегі комплимент», «Көпір құрастыру» сыңдытәрбиелік маңызы бар ойын түрлерін ұжыммен бірге жасап көрсетті.
Кульметенова Айнагуль Саматовна Қобда ауданы Бесқұдық орта мектебі, химия пәні мұғалімі өз сөзінде білім алушының белсенділігін арттырудың жаңа жолдарын ұсынып, интерактивті тәсілдердің артықшылықтарына кеңінен тоқталды. Оның пікірінше, дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар, цифрлық технологияларды қолдану – заман талабы. Қысқа мерзімді жоспардың толтырылуы мен өзектілігін түсіндіріп, қандай платформалардың сілтемелерін қалай қолдану керек екендігіне тоқталды.
Бұл пікір қатысушылар тарапынан қолдау тауып, қызу талқылауға ұласты.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарға жауап алды. Көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, болашақта жүзеге асырылатын ұсыныстар айтылды.
Жалпы, облыстық «5 Б» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың кезекті кезеңі табиғат аясында ұйымдастырылған мазмұнды семинармен жалғасын тапты. Ашық аспан астында өткен бұл іс-шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, еркін форматта пікір алмасуға мүмкіндік берді. Семинар қатысушыларға жаңа идеялар мен тың серпін сыйлады. Мұндай кәсіби кездесулер білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің ынтасын күшейтуге және тәжірибе алмасу мәдениетін дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз.

