«Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру мақсатында құрылған «5Б» жобасы аясында «Жерұйық негізгі мектебі” КММ базасында « 5«Б» жобасы-жұмысты бақылау.Тиімді қолдау.Жүйелі көмек» тақырыбындағы мазмұнды әрі креативті семинар ұйымдастырылды.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/381-5-b-zhobasy-zh-mysty-ba-ylau-ti-md-oldau-zh-jel-k-mek#sigFreeIda49db159dd
Қатысушылар арасында жағымды орта қалыптастырылып, бірлескен жұмысқа серпін берілді. « Нормативтік құжаттарды жасақтау және Bilimclass -тағы лайфхактар»
Катарбаева Жанар Жумабековна- Ақтөбе қаласы Ә.Ермектов атындағы № 23 орта мектеп-лицейі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары тәжірибе барысында нормативтік құжаттардың басшылыққа алынуы түсіндіріліп, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға және сапалы білім беруге бағыттады.
«Химия сабағында цифрлық білім беру платформаларын қолдану» тақырыбында Кульметенова Айнагуль Саматовна- Бесқұдық орта мектебінің химия пәні мұғалімі өз тәжірибесімен бөлісті.
Ақтөбе қаласы №61 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың ғылыми- әдістемелік жөніндегі орынбасары Бисембаева Ақтоты Жалғасбайқызы « Дұрыс құрылған ҚМЖ-сапала сабақ кепілі» қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімді жолдары көрсетіп, сабақ сапасын арттырудың нақты тетіктерін ұсынды.
Ақтөбе қаласы № 83 ЖББОМ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Касымова Жанна Суйндиковна ауыл мектептерінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының онтайлы жүзеге асыруға идеялар көрсетті.
Семинар барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен толықты. Әр қатысушы өз жұмысына жаңаша көзқараспен қарап, кәсіби дамуға бағыт алды.

