Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес облысымыздағы білім беру ұйымдары арасында информатика пәні мұғалімдері арасындағы «Үздік цифрлық педагог» облыстық байқауының І кезеңі онлайн форматта өз мәресіне жетті.
Байқаудың негізгі мақсаты информатика пәні мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығын арттыру, оқу процесіне озық цифрлық технологияларды енгізуді ынталандыру және үздік тәжірибелерді насихаттау, сондай-ақ мамандардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту.
Облыстық байқаудың І кезеңіне 20-ға жуық үміткердің өтініші келіп түсті. Байқау ережесінің талаптарына сәйкес қатысушылардың жұмыстарын білім беру саласының өкілдерінен құралған әділқазы құрамы бағалады.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаздар тізімі:
Рябоконь Ольга Владимировна
Галымов Мирас Махмутович
Насамбаева Алтынгул Темирхановна
Байтулеков Ерлан Конысбаевич
Турманова Нургул Есеналиевна
Қауынбай Нұрай Дастанқызы
Медеуов Ербол Куанышбаевич
Жолдыбаева Ләйла Мырзаханқызы
Тұрсынбек Ақниет Тұрсынбекқызы
Байтурина Аида Муратовна
Іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаздарымызға алдағы 2-кезеңде сәттілік тілейміз!

