Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні «Мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру, тәжірибе алмасу және ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу жолдарын айқындау болды.

Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ата-аналармен жұмыстың заманауи және тиімді тәсілдерін талқылады. Бағдарлама аясында шеберлік сыныптары, тренингтер және тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Практикалық бөлімдерде ұсынылған әдіс-тәсілдер ата-аналармен байланысты нығайтуға, олардың мектеп өміріне белсенді қатысуын арттыруға бағытталды.

Семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жетті. Қатысушылар іс-шараның мазмұнды әрі пайдалы өткенін атап өтіп, алынған тәжірибені алдағы уақытта өз жұмыстарында кеңінен қолдануға ниетті екендіктерін білдірді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT