Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығымен ынтымақтастық аясында «Өңірлік деңгейде психологиялық-педагогикалық-медициналық консультация, мектептер мен әдістемелік орталықтардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн форматта өңірлік семинар өткізді.
Семинарға 223 педагог қатысты.
Іс-шараның мақсаты – психологиялық-педагогикалық-медициналық консультациялар, білім беру ұйымдары және әдістемелік орталықтар арасындағы өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру болды. Бұл тәжірибе алмасуды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудың практикалық тәсілдері мен модельдерін ұсынуды, инклюзивті білім беруді жетілдіруді және балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай жасауды көздеді.
Шара аясында спикерлер психологиялық-педагогикалық-медициналық консультациялар, мектептер мен әдістемелік орталықтардың ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудағы табысты ынтымақтастық тәжірибелерін таныстырды. Баланың дамуына бағытталған әдістер, логопедиялық және нейропсихологиялық тәсілдер, түзете-дамыту жұмыстары барысында ата-аналармен өзара әрекеттесу стратегиялары қарастырылды. Командалық сүйемелдеу тәжірибесіне, инклюзивті білім беру модельдеріне, сондай-ақ білім сапасын арттырудағы цифрлық құралдар мен инновациялық тәсілдердің рөліне ерекше назар аударылды.
Семинар екі өңір арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, тиімді тәжірибе алмасуға және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи бағыттарды дамытуға ықпал етті.

