Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 21 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Даму мен ынтымақтастыққа негізделген жұмыс тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу арқылы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімді әдістерін жетілдіру, кәсіби біліктілікті арттыру және болашаққа бағдарланған тәрбие үдерісін дамыту.

Іс-шараға білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен аға тәлімгерлері қатысты. Семинар бағдарламасы мазмұнды баяндамалармен жалғасын тапты

Шара барысында:

  • Қуанышбекова Дана Тынықбайқызы «Үркер кинофестивалі: тәрбие мен шығармашылықты ұштастыру тәжірибесі» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті;
  • Гапбасова Бахытгүл Мұқанбетсадыққызы «Level-Up: соңғы мүмкіндік» тақырыбында заманауи форматтағы «Кальмар ойыны» әдісін таныстырды;
  • Мадиярқызы Салтанат «Ұлттық рухтан – көшбасшылыққа» бағытындағы жұмысын ұсынды;
  • Алдабергенова Ақторғын Тұрақбайқызы «Құрмет Taim» жобасы арқылы ұстазға құрмет көрсету мәдениетін насихаттады.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс берді. Іс-шара қорытындыланып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға бағыт-бағдар берілді.

Аталған семинар тәрбие жұмысының сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және шығармашылық ізденістеріне серпін берген маңызды алаң болды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT