Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылдың 17 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес  Хромтау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің базасында облыстық (қалалық) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушілеріне арналған «Психологиялық-педагогикалық қолдау  жағдайында күрделі бұзылыстары бар балалардың мінез-құлқын түзету және коммуникациясын дамыту: үнсіздіктен диалогқа дейін» тақырыбындағы семинар табысты өтті.

Семинардың мақсаты- басқарушы буындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, күрделі бұзылыстары бар балаларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді модельдерін енгізу және тәжірибе алмасу болды.

Тәжірибе алмасу алаңында Хромтау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагогтері тәжірибеге бағытталған маңызды тақырыптарды талқылады. Балалардың коммуникация дағдыларын дамыту, цифрлық технологияларды тиімді қолдану, ірі моториканың рөлі, аутизмі бар балалармен жұмыс, музыканы диалог құралы ретінде пайдалану және денсаулық сақтау технологияларын енгізу бағытында өзара тәжірибе алмасты.

Шара тыңдалым және пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Бұл өз кезегінде өңірдегі психологиялық-педагогикалық түзеу қызметтерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз жұмыс тәжірибесіне енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы қолдау көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды кәсіби алаң болды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT