Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 

 «Таза орта-салауатты ұрпақ» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 30 наурыз күні «Жасыл балабақша» жобасы аясында Ырғыз ауданы «Балдырған» бөбекжай-бақшасында «Таза орта-салауатты ұрпақ» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – «Жасыл театр» бағыты арқылы мектепке дейінгі балалардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортаны қорғауға және аялауға баулу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру әрі шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шараға облыс бойынша «Жасыл балабақша» жобасы аясында жұмыс жүргізіп отырған мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Шара барысында балабақша педагогтері «Ертегі желісіне құрылған театрландырылған экологиялық қойылым», «Құмырсқалар патшалығындағы құпия», «Дана Үкінің табиғат сынағы», «Аралар әлемі және қоқыс патшалығын жеңу», «Қалдыққа жаңа өмір – жасыл шеберхана», «Жасыл бақтың құпиясы: гүлге қамқор қол», «Табиғат сақшысы – резерват қызметкері», «Жасыл бақтағы су құпиясы» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасуға және экологиялық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге мүмкіндік берді.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT