Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 9 сәуір күні  «Құқықбұзушылықтың алдын алу: тәрбие жұмысының тиімді әдістері» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Семинар барысында орталық әдіскері Б.Нурмолдина  құқықбұзушылықтың алдын алуда тиімді әдістер арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру, Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының ТжКББ  бөлімінің басшысы Р.Куаншалиева тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді модельдерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызын жан-жақты қарастырып әдістемелік  сүйемелдеу көрсетті.

Тәжірибелік бөлімде:

-Атырау облысы, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Шамұратова «Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесіндегі куратордың рөлі»; 

-Маңғыстау облысы, Бейнеу политехникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ажибаева мен Бейнеу гуманитарлық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Каракулов «Қауіптің алдын алу: колледж бен ата-ананың серіктестігі – сенімді болашақ кепілі»;

-Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Багиджанова «Тәртіп пен тәрбие: құқықбұзушылықтың алдын алудағы өзара байланыс»;

-Атырау облысы,  Атырау энергетика және құрылыс колледжі директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Әйіпов «Құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстар арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу»;

-Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сертификатталған тренер А.Умирзакова «Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда құқықбұзушылықтың алдын алудың маңыздылығы»   тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып,  ұсынылған баяндамалар мен тәжірибелік жұмыстар тәрбие жүйесін жетілдіруге, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік бергендігіне тоқталып, қорытынды жасалды.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT