Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогтеріне «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында орталықтың директор орынбасары А.А.Аскербекова шараның мақсаты, өзектілігіне тоқталып, кәсіби білім беруде педагогтердің құзыреттеліктерін дамыту мен жетілдіру бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Г.А.Кулсейтова «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік қызметтің рөлі» тақырыбында өз баяндамасын жасап, орталық тарапынан жобалар аясында атқарылып жатқан шаралар мен олардың маңыздылыға тоқталды. Сондай-ақ, колледж педагогтері үшін аттестаттау қағидалары мен шарттарына тоқталып өтті. Әдіскер Б.Ж.Нурмолдина «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыбында 2025-2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар, тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың бағыттары мен сабақ барысында қолданылатын технология түрлері туралы айтылды.
Шараның негізгі бөлімінде Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагог-шебері Жамекова Бибигуль Мустафиевна «Заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігі: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жағдайында», ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі арнайы пән оқытушысы, педагог-зерттеуші Саркулова Гаухар Жаксылыковна «Педагогтің кәсіби дамуы: үздіксіз білім беру мен өзін-өзі жетілдіру жолдары» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледж әдіскері Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызының «Цифрлық жүйелерде педагог құжаттарын жүктеу: “Ұстаз”, “Үздік педагог” және «Е-Gov» мүмкіндіктері» шебер класы көрсетіліп, тың ақпаратымен бөлісті. Сонымен қатар, tedx форматында ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі арнайы пән оқытушысы, педагог-зерттеуші Елмағанбетова Гүлзада Нәдиқызы мен тарих пәнің оқытушысы, педагог-зерттеуші Досалиева Эльмира Нурлановнаның «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында үздік іс-тәжірибелері таратылып, педагог-психолог Шабарова Мейрамгүл Әлібекқызының сергіту сәтімен ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар қабылданып, семинар қорытындыланды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT