Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аясында, 2 сәуір күні №19 жалпы білім беретін мектеп базасында «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі: аутизм саласындағы білім мен тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға 53 педагогтер, логопед, дефектологтар қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/361-pedagogt-k-s-bi-zyrett-l-g-autizm-salasynda-y-b-l-m-men-t-zh-ribe-oblysty-seminar#sigFreeId85d5b80c6e
Семинар барысында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) мамандары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Атап айтқанда:
• аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері;
• жалпы білім беретін мектеп жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;
• логопед пен дефектологтың тиімді түзету-дамыту жұмыстарының әдістері;
• білім алушылардың коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын дамыту;
• мамандардың үздік тәжірибелерімен және практикалық кейстерімен алмасу мәселері қарастырылды.
«Асыл Мирас» аутизмі бар (аутистік спектрдің) балаларды қолдау аutism- орталығының мамандары, аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларға көрсетілетін кешенді түзету-дамыту жұмыстарының негізгі бағыттары таныстырды.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.Семинар педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, аутизм саласындағы білім мен тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік берді.

