Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығында «Педагогтың авторлық бағдарламасы мен әдістемелік құралын әзірлеу алгоритмі» тақырыбында семинар-практикум –қашықтан ұйымдастырылды. Мұғалімдерге авторлық бағдарлама мен әдістемелік құралды сапалы дайындауда нақты практикалық көмек көрсетілді.

Семинар бағдарламасы теориялық білім мен өңірдің тәжірибелі мамандарының практикалық тәжірибесін біріктірді.

Теориялық блокта Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Әжібаева Айнұр Қайроллақызы және педагог-шебер  Кудайбергенова Айғанша Аскаровна қатысушыларға Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РУМС) талаптарын түсіндіріп, авторлық материалдарды әзірлеудің жаңартылған тәртібін жан-жақты баяндады.

Практикалық блокта қатысушылар тәжірибелі мұғалімдердің сәтті кейстерімен танысты. Кудайбергенова А. А. дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістемелерін ұсынса, Спаганбетова Гулбану Зуфаровна мәтінмен жұмыс істеуде Гарвард әдістемесін енгізу бойынша авторлық бағдарламасымен таныстырды.

«Біздің басты мақсатымыз – талаптарды біріздендіру. Әрбір педагогқа идеядан бастап еңбегін сәтті бекіту мен жариялауға дейін нақты алгоритмді ұсыну», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Дистанциялық форматқа қарамастан, семинар ашық диалог пен кәсіби іс-қимыл жағдайында өтті. Қатысушылар онлайн-форматтың ыңғайлылығын, тақырыптың өзектілігін және алған білімдерінің практикалық құндылығын жоғары бағалады.

Семинар өңір мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруда маңызды қадам болып, аттестациядан сәтті өтуге және озық педагогикалық тәжірибені тиімді таратуға сенімді құралдар берді.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT