Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 

27 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығында №56 ЖОББМнің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Биктурлина Амангуль Тюлюкбаевнаның жетекшілігімен «Методы исследования учебной информации в процессе изучения русского языка и литературы» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхананың ІІІ отырысы өтті.

Шеберхана жұмысы барысында оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық әдіс-тәсілдер жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар оқу ақпаратын зерттеу, мәтінмен жұмыс істеу, талдау және қорытынды жасауға негізделген тиімді педагогикалық тәсілдермен танысты.

Іс-шараның басты мақсаты — мұғалімдердің оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістері бойынша білімін тереңдету, тәжірибе алмасу және оқытудың заманауи, нәтижелі жолдарын ұсыну болды.

Практикалық бөлім барысында педагогтер ұсынылған әдістерді өз тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін талқылап, кәсіби ой-пікір алмасты. Бұл өз кезегінде олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және сабақ сапасын арттыруға жаңа серпін берді.

Отырысты қорытындылау кезінде қатысушылар оқытудың тиімді әдістері жөнінде жаңа идеяларға ие болғандарын, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағыт алғандарын және кәсіби қарым-қатынастан жағымды әсер алғандарын атап өтті.

Аталған шеберхана педагогтердің кәсіби дамуына ықпал ететін, тәжірибе алмасуға негізделген маңызды әдістемелік алаңға айналды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT