Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім сапасы мен басқару мәдениетін қамтамасыз етудің тиімді тетіктері: стратегиялық басқару, мониторинг және нәтижелілік» тақырыбында колледж басшыларына арналған әдістемелік күн өтті.
Шарада педагогтердің кәсіби дамуын жүйелі ұйымдастыру, халықаралық тәжірибені енгізу, білім беру мазмұнын жаңарту және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын тиімді іске асыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Білім сапасын басқарудың тиімді тетіктерін жетілдіру, мониторинг жүйесін жүйелеу және басқару мәдениетін дамыту бағытында нақты ұсыныстар қабылданып, шара қорытындыланды.

