Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Pro-Qoldau» әдістемелік жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскері мен оқытушыларына арналған «Педагогтің озық тәжірибесін жинақтау» атты облыстық әдістемелік семинар-практикумы өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/344-tzhkbb-jymdary-pedagogter-ne-arnal-an-d-stemel-k-seminar-praktikum#sigFreeIdfd9dec393f
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/344-tzhkbb-jymdary-pedagogter-ne-arnal-an-d-stemel-k-seminar-praktikum#sigFreeIdfd9dec393f
Сонымен қатар, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық -техникалық колледж әдіскері Н.Тілеубергенова «Ұстаз» платформасы мен «Электронды үкімет» порталына педагогтердің құжаттарын жүктеу жолдары түсіндіріліп, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Картанова «Авторлық оқу бағдарламасын құрастырудың тәжірибелік алгоритмі, енгізу жолдары» тақырыбында үздік тәжірибесімен бөлісті.
Шараның тәжірибелік бөлімінде Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі оқытушылары Н.Токсанбаев пен А.Картанованың шебер-кластары көрсетілді.
Сондай-ақ, семинарға қатысқан педагогтердің үздік сабақ жоспарлары демонстрацияланып, әдістемелік құралдары қорғалды.
Ашық алаңда педагогтердің ұсыныстары қабылданып, қатысқаны үшін сертификаттар беріліп, шара қорытындыланды.

