2026 жылдың 6 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Астана қаласындағы «QAMQOR INCLUSIVE» Қоғамдық Қорымен бірлескен арнайы білім беру ұйымдары мен аудандық (қалалық) жалпы білім беретін орта мектептердің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтеріне арналған «Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы қолдау тетігі» тақырыбында семинар өтті. Шараға 367 педагогтер мен арнайы мамандар қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/340-mektepte-erekshe-b-l-m-beru-azhett-l-kter-bar-balany-oldau-tet-g#sigFreeId8fe126c11f
Аталған семинарға педагог-психолог, педагог-сарапшы, мектептің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің үйлестірушісі, инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибелі дәріскер және практик, Астана қаласының инклюзивті білім беру Қауымдастығының жұмыс тобының мүшесі Абылкасымова Назым Уйсембековна қатысты.
Семинар барысында қатысушылар инклюзивті білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттарды қарастырды. Атап айтқанда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру бағдарламаларын бейімдеу, оқыту жағдайларын ұйымдастыру, сондай-ақ инклюзивті тәжірибеде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бағдарламаның жеке бөлімі балаларды психологиялық сүйемелдеуге арналды. Бұл бағытта мамандар диагностика жүргізу әдістерін, оқушылардың эмоционалдық жағдайын қолдау тәсілдерін және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру жолдарын талқылады. Психологтар даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеуге қатысты практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Мұндай семинарларды өткізу мамандардың кәсіби қауымдастығын дамытуға, пәнаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және барлық балалар үшін сапалы әрі қолжетімді білім беру жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Шара соңында қорытынды жасалып, қатысушылар кері байланысқа шығып, өз ой-пікірлерін білдірді.

