2026 жылғы 20 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Қобда ауданы «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында «Жасыл орта-жарқын болашақ: Ерте жастан табиғатты сүюге тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/330-zhasyl-orta-zhar-yn-bolasha-erte-zhastan-tabi-atty-s-yuge-t-rbieleu-ta-yrybynda-oblysty-seminar-praktikum-tt#sigFreeIde1ff2551cd
Семинарға «Жасыл балабақша» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп отырған балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жобаның маңыздылығына тоқталды.
«Жасыл балабақша» жобасы аясында балабақшада жүргізіліп жатқан жұмыстардың бағыттары туралы әдіскер З.Б.Карасаева атап өтті.
Семинар барысында тәрбиешілер «Табиғаттан нәр аламыз», «Жасыл зертхана», «Табиғаттың ғажайып әлемі», «Эко балабақша: кішкентай қадам – үлкен өзгеріс», «ЖИ меңгеруді үйренейік», «Қайта өңдеу – ғажайып өзгеріс», «Табиғат сыйы: дәруменге бай шөп шайлары», «Бір дәннен – бір өмір тіршілігі» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Педагогтер балалармен жүргізілген тәжірибелік жұмыстарды көрсетіп, табиғатты бақылау, өсімдік егу, күтіп-баптау, қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын таныстырды. Ұсынылған жұмыстар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Семинар соңында қатысушылар экологиялық тәрбиені ерте жастан қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтіп, тәжірибе алмасудың тиімділігін жоғары бағалады.

