Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 19 ақпан күні «Тәрбие – тәртіп – құндылық: тұлға қалыптастырудың негізгі тетіктері» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/325-quqyq-line-zhobasy-ayasynda-tzhkbb-jymdaryny-pedagogter-ne-arnal-an-d-stemel-k-seminar#sigFreeId95b96eab86
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/325-quqyq-line-zhobasy-ayasynda-tzhkbb-jymdaryny-pedagogter-ne-arnal-an-d-stemel-k-seminar#sigFreeId95b96eab86
Тәрбие, тәртіп және құндылықтарды білім беру үдерісіне кіріктіру, тұлға қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындау және озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында өткен шараға ТжКББ ұйымдарының тәрбие жұмысын үйлестіруші мамандар қатысты.
Семинар барысында орталық әдіскері мен ТжКББ ұйымдарының тәрбие жұмысын үйлестіруші мамандар:
- орталық әдіскері Б.Нурмолдина «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістері»;
-Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тренер А.Умирзакова «Тәрбие жүйесі: тәртіп пен құндылық үйлесімі»;
-Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Абиева «Құндылыққа негізделген тәрбие – саналы тұлға қалыптастыру жолы»;
-Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің әдіскері А.Ахметова «ЖББ пәндерді оқытуда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру»;
-Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Түменбаев «Құндылықтар трансформациясы» тақырыптарында шебер-класс, workshop, коучинг өткзіп, озық іс-тәжірибелері ұсынылды.
Ашық алаңда қатысушылар өзара пікір алмасып, шара қорытындыланды.

