2026 жылғы 9 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында Хромтау ауданы № 7 «Еркетай» бөбекжай – балабақшасында «Кішкентай IT қадамдар – үлкен болашақ» тақырыбында семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/320-k-shkentaj-it-adamdar-lken-bolasha-ta-yrybynda-y-oblysty-seminar-praktikum-tt#sigFreeIde2ad46e066
Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жоба жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
Балабақша меңгерушісі М.Т.Алдрапекова «IT-балабақша» пилоттық жобасының балабақшада жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығы туралы баяндады.
№7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасының педагогтері «IT-балабақша: болашаққа бастау», «Балабақшада STEM зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі», «Кішкентай инженерлер әлемі», «Музыка + IT: цифрлық технология арқылы шығармашылықты дамыту», «Голограмма арқылы ертегі әлеміне саяхат: балалармен тәжірибелік жұмыс», «Көріп–сезіп–үйрен: VR көзілдірігімен ұйымдастырылған іс-әрекеті», «Балабақшада жасанды интеллект арқылы мультфильмде құрастыру: балалармен жұмыс тәжірибесі», «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің медиа сауаттылығы:цифрлық ортадағы кәсіби қызметі», «Кішкентай қадамдар арқылы цифрлық сауаттылықты дамыту» тақырыптарында заманауи тәжірибелерімен бөлісіп, мультимедиялық және цифрлық ресурстарды қолдану үлгілерін көрсетті.
Сонымен қатар инженерлік-зерттеу бағытындағы жұмыстар мен балалардың құрастыру, модельдеу, тәжірибе жасау дағдыларын дамытуға арналған іс-әрекеттерін ұсынды.
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

