Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің базасында «Жасанды интеллектті білім беру процесіне жүйелі енгізу: әдістеме, практика, нәтиже» тақырыбында «ЖИ оқытушылар клубының» кезекті VI отырысы өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/316-zhasandy-intellektt-b-l-m-beru-protses-ne-zh-jel-eng-zu-d-steme-praktika-n-tizhe-ta-yrybynda-y-kezekt-otyrysy#sigFreeId4432924f44
Отырысты Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Ж.К.Алишева ашып, ЖИ-дің заманауи білім берудегі рөліне тоқталды. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Д.Ұ.Жаманбаева клубтың қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігін атап өтті.
Одан әрі клуб жетекшісі М.Г.Туленгалиева пәнге бейімделген ЖИ-промт жүйесін құрудың жолдарын көрсетті.
Клуб мүшелері тәжірибелік бөлімде ЖИ-ді сабақта және өндірістік оқытуда қолданудың тиімділігімен таныстырып, ЖИ көмегімен ҚМЖ, БЖБ және ТЖБ талдау сияқты құжаттарды автоматты түрде жасау жолдарын көрсетті. Сонымен бірге, ЖИ арқылы формативті бағалаудың адаптивті моделін жасау, оқу мазмұнын автоматты саралауда ЖИ-ді цифрлық ассистент ретінде қолдану әдістерін көрсетті.
Жиын соңында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Г.К.Ибрашева мен клуб жетекшісі М.Г.Туленгалиева кері байланыс жүргізіп, педагогтердің алдағы жұмыстарына бағыт-бағдар берді.

