Ақтөбе облысының білім басқармасының 2025-2028 жылдарға арналған білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі жол картасына сәйкес Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі» базасында «ЖИ оқытушылар клубы» өз жұмысын бастады.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/315-zhi-o-ytushylar-kluby-b-l-m-berudeg-innovatsiyalar-men-tsifrly-transformatsiya-ala-y#sigFreeId0d7279c212
Клубтың міндеттері:
- ЖИ мен цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу әдістемесін әзірлеу және тарату;
- оқытушылар арасында тәжірибе және идея алмасуға арналған кәсіби платформа қалыптастыру;
- білім беру саласын заманауи талаптарға бейімдеп, цифрлық трансформацияны жеделдету;
- инновациялық шешімдер мен үздік педагогикалық тәжірибелерді қолдау.
Клуб отырыстары жоспар бойынша айына екі рет өткізіледі. Жұмыс барысында воркшоптар (практикалық сабақтар), вебинарлар, семинарлар және шақырылған спикерлердің шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Клуб жетекшісі Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының ақпараттық жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Г.Туленгалиева.
Клуб мүшелері 2025-2026 оқу жылына жоспарланған іс-шаралардың теориялық кезеңінде Chat GPT, Gemini, Copilot, Canva AI құралдарымен танысу және пәндік промттар жүйесін құру, практикалық кезеңінде ЖИ көмегімен оқу мазмұнын саралау, цифрлық ассистенттер құру және құжаттарды (БЖБ, ТЖБ, есептер) автоматтандыруды үйренеді.
Клубқа Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Д.Ұ.Жаманбаеваның бекітуімен облыстың жалпы орта білім беретін мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 90-ға жуық педагогтері мүшесі болды.

