Жобаның мақсаты: Оқу бағдарламаларына ЖИ-ді кіріктіру арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру, оқыту сапасын жақсарту және педагогтер мен білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/313-a-t-be-oblysynda-ai-mugalim-b-l-m-berudeg-tsifrly-shesh-mder-zhobasy-ske-osyldy#sigFreeIdfc3d07acb4
Пилоттық жобаны іске асыруға 20 мектептің 1147 негізгі пән мұғалімдері, 7-11 кластың 15939 оқушысы қатысады.
Жобаға қатысушы мұғалімдер:
- ЖИ құралдарын тиімді пайдалана отырып, сабақты қызықты әрі заманауи форматта өткізеді;
- Оқушылардың білім алу қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тапсырмалар, визуалды материалдар мен адаптивті оқыту жүйелерін қолданады;
- ЖИ көмегімен оқушылардың жеке оқу траекториясын ескеріп, сараланған тапсырмалар ұсынады;
- Сабақтан кейін ЖИ арқылы алынған деректер негізінде оқушылардың жетістіктерін талдайды және кері байланыс береді.
Жобаны іске асыру мерзімдері:
I кезең (дайындық) – пилоттық ұйымдарды іріктеу, ұйымдастыру жұмыстары; (желтоқсан 2025)
II кезең (енгізу және апробация) –пән мұғалімдеріне семинар ұйымдастыру, ЖИ элементтерін оқу және басқару үдерісіне енгізу, мониторинг жүргізу; (қаңтар-қараша 2026)
III кезең (талдау және тарату) – нәтижелерді бағалау, үздік тәжірибені жинақтау және тарату (желтоқсан 2026).

