Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 6 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы №13 «Бөбек» бөбекжай-балабақшасында «Ұстаз платформасын жүйелі толтыруға үздіксіз әдістемелік қолдау» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/312-staz-platformasyn-zh-jel-toltyru-a-zd-ks-z-d-stemel-k-oldau-ta-yrybynda-oblysty-seminar-praktikum-tt#sigFreeIddbbf612322
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/312-staz-platformasyn-zh-jel-toltyru-a-zd-ks-z-d-stemel-k-oldau-ta-yrybynda-oblysty-seminar-praktikum-tt#sigFreeIddbbf612322
Шараға облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, педагогтері және платформаға жауапты мамандар онлайн және офлайн форматта қатысты.
Семинар барысында педагогтердің кәсіби жетістіктерін тіркеу, құжаттарды жүктеу талаптары мен аттестаттауға дайындық кезеңдері талқыланды.
Қатысушыларға практикалық ұсыныстар беріліп, жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары түсіндірілді.
Балабақша педагогтері «Ұстаз» платформасын тиімді пайдалану бағытында мазмұнды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, платформаны басқару, бақылау, деректерді енгізу және білім сапасын бағалау мәселелері қамтылды. Семинар аясында іс-тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылып, педагогтердің шығармашылық-ізденіс жұмыстары таныстырылды. Семинар педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттырып, әдістемелік қолдаудың тиімді үлгілерін таратуға мүмкіндік берді.

