2026 жылдың 28 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес «Арнайы балабақшадағы балалармен жұмыс жүргізу барысында заманауи әдістерді қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті. Шараға 45 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты – арнайы балабақша тәрбиешілері мен мамандарының заманауи және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру стандарттарының талаптарына сай тиімді қолдану әдіс-тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасау.
Аталған семинарға қатысқан спикерлер:
Ақтөбе облыстық «Нектар» арнайы балабақшасының меңгерушісі -Сеитова Асия Орынбасаровна.
«Нектар» арнайы балабақшасының тәрбиешісі -Жолмагамбетова Альфия Сержановна.
«Нектар» арнайы балабақшасының логопед маманы- Генова Наталья Дмитриевна.
«Нектар» арнайы балабақшасының логопед маманы- Сұлтанаева Гүлзат Жомартқызы.
«Нектар» арнайы балабақшасының психологы- Искалиева Зарина Казиевна.
Педагогтер өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, оқыту барысында тиімді қолданылып жүрген әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Шара барысында қатысушылар арнайы және инклюзивті білім беруде қолданылатын заманауи әдістер мен жасанды интеллект құралдарының түрлерімен танысты. Тәжірибелік бөлім ұйымдастырылып, нақты кейстер мен тренингтер арқылы әдістемелік қолдау көрсетілді.
Қатысушылар бала қажеттіліктерін ескере отырып, цифрлық ресурстарды, интерактивті платформаларды және жасанды интеллект негізінде жасалған құралдарды қолданудың нақты жолдарын меңгерді.
Шара соңында қорытынды жасалып, қатысушылар кері байланысқа шығып, өз ой-пікірлерін білдірді.

