Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында білім беру саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.
Аталған конкурс педагог мамандығының мәртебесін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар әдістемелік шеберлігін, заманауи мультимедиялық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын, шығармашылық әлеуеті мен кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалай отырып, төмендегідей жеңімпаздарды анықтады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша:
I орын – Абдуллина Бибинур Дауыловна, Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі
II орын иегерлері:
– Кушкенова Гульсара Аллажаровна, Ақтөбе техника-технологиялар колледжі
– Токсанбаев Нұрбол Төребаевич, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
III орын иегерлері:
– Жұмағазы Гүлдерай Ерболатқызы, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
– Қанбаева Айнұр Сейітқалымқызы, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
Педагогикалық мамандық бойынша арнайы пән оқытушылары:
I орын – Балгазиева Ляззат Танатаровна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
II орын – Арынгазина Айымгүл Танатовна, АЛТ Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі
III орын
– Нұрбаева Арай Қойлыбайқызы, «Дүние» колледжі.
Республикалық кезеңге жолдама алған педагогтарымыз — Балгазиева Ляззат Танатаровна мен Абдуллина Бибинур Дауыловнаға алдағы байқауда жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

