2026 жылғы 20 қаңтарда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтобе қаласы №65 жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғазиза Ерболатқызы Қоразованың жетекшілігімен облыстық шығармашылық шеберхананың екінші отырысы қашықтан өткізілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/293-oblysty-shy-armashyly-sheberkhanany-ek-nsh-otyrysy-ashy-tan-tk-z-ld#sigFreeId4606890652
Отырыстың ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Әжібаева Айнұр Қайроллақызы сөз сөйлеп, шығармашылық шеберхананың педагогтердің кәсіби дамуы мен біліктілігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған форматта ұйымдастырылды. Шеберхана жұмысы «Откровенно говоря» атты тренингпен басталып, тренинг барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, кәсіби рефлексия жасауға мүмкіндік алды.
Негізгі бөлімде шеберхана жетекшісі Қоразова Ғазиза Ерболатқызы «Планирование учебной работы» тақырыбында баяндама жасап, жоспарлаудың мұғалім қызметіндегі рөліне және оқу үдерісінің сапасын арттырудағы маңызына жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар, №2 орта мектебінің мұғалімі, шеберхана мүшесі Якимова Полина Андреевна «Планирование как обязательный компонент работы» тақырыбында презентация ұсынып, тиімді жоспарлау тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімде педагогтер өз тәжірибелерін ортаға салып, нақты тапсырмалар орындады. Жаңажол (Мұғалжар ауданы) жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Еркинова Дамира Еркиновна «Виды планирования уроков» тақырыбында практикалық жұмыс өткізді. Ал №67 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Нургалиева Ботагоз Амангельдиевна «Критерии оценивания уроков» тақырыбында бағалау жүйесіне арналған тәжірибелік тапсырмалар ұсынды.
Рефлексия кезеңінде Жабасақ (Әйтеке би ауданы) жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Абдрахманова Багила Шамшина «Беру с собой» әдісі арқылы қатысушылардың алған әсерлері мен қорытындыларын жинақтады.
Аталған іс-шара мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін насихаттауға бағытталды. Отырыс қорытындысында қатысушылар өз білімдерін тереңдетіп, жаңашыл идеяларға қанығып, кәсіби қарым-қатынастан жағымды әсер алғандарын атап өтті. Бұл педагогикалық шеберхана – тәжірибе мен ізденісті ұштастыратын, кәсіби дамуға серпін беретін маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

