2026 жылғы 19 қаңтарда Ақтөбе қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде «Оқу – оқушылардың сөйлеу және когнитивтік қызметінің негізі» тақырыбында облыстық шығармашылық «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптастыру» шеберханасының екінші отырысы өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/290-o-u-o-ushylardy-s-jleu-zh-ne-kognitivt-k-yzmet-n-neg-z#sigFreeId860ddffdbf
Қатысушыларға «Оқу – бұл мәтінді жай ғана меңгеру емес, ойлауды тәрбиелеу» тақырыбындағы алғы сөзімен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Әжібаева Айнұр Қайроллақызы және Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің директоры Абен Талгат Рустемович сөз сөйледі.
Шығармашылық шеберхананың жетекшісі Байбекова Маншук Аманғосқызы әріптестеріне «Сыни ойлау технологиясы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында практикалық жұмыс әдістерін ұсынып, сондай-ақ «Мәтінмен жұмыс барысында оқудың тиімді стратегиялары» тақырыбында баяндама жасады.
«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы мағыналық оқудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы баяндамамен №27 орта мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шабарова Асель Бекбулатовна сөз сөйледі. №22 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Айнур Жанайқызы «Оқу – сөйлеу мен ойлауды дамытудың құралы» тақырыбында өз баяндамасын ұсынды.
Аталған іс-шара облыстың орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін кәсіби диалог, педагогикалық тәжірибе алмасу және шығармашылық ізденіс алаңына айналды.

