Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 22 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың кәсіби дамуы: тәжірибеден – нәтижеге» тақырыбында облыстық семинар – практикум өтті.

Шарада жаңартылған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы өңірлік жұмыс жоспарының мазмұны, жүргізілетін жұмыс түрлері мен алгоритмінің әдістемелік бағыттары таныстырылды.
Сонымен қатар, орталық әдіскері мен ТжКББ ұйымдарының тәрбие жұмысын үйлестіруші мамандар:
- орталық әдіскері Б.Нурмолдина «Тәлімгерлік – тәрбие жұмысының сапасын арттыру құралы»;
Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Тулегенова «Тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімді әдістері»;
-Ақтөбе автожол колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Махамбетова «Студенттер арасында құқықтық тәртіп пен тәрбие мәдениетін дамыту»;
-Хромтау тау - кен техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Көрпебаева «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы тәрбие тәжірибесі» тақырыптарында шебер-класс, еркін микрофон ұйымдастырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
 Ашық диалогтық алаңда қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасып, білім алушылардың бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған жұмыстарды жүйелеу жолдары ұсынылды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT