Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Оқушылардың оқу және коммуникативтік құзыреттілігінің дамуына қызығушылық танытатын педагогтерді біріктірген «Функционалдық сауаттылық – түсіну, ойлау және қарым-қатынастың кілті» атты облыстық шығармашылық шеберхананың II отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды өткізілді.

Іс-шара Zoom платформасында, яғни онлайн форматта Ақтөбе қаласындағы «Қызылжар орта мектебі» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Горбатенко Галина Петровнаның жетекшілігімен өтті. Қашықтан ұйымдастырылуына қарамастан, кездесу мазмұнды кәсіби диалогқа ұласып, тәжірибе алмасу аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Кездесудің негізгі мақсаты – мәтіннің оқу сауаттылығын қалыптастырудағы жетекші рөлін жан-жақты талдау. Қатысушылар мәтінді талдау, интерпретациялау және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға үйретудің заманауи, тиімді әдістемелерімен танысты.

Шеберхана жетекшісі қатысушылар назарына мәтінді түсінуден саналы қарым-қатынас пен шығармашылық ойлауға дейінгі дағдыларды жүйелі қалыптастыруға бағытталған құзыреттілікті дамыту модулін ұсынды.

Практикалық бөлім шеберхана мүшелері – тәжірибелі педагогтердің іс-тәжірибелерін таныстыру алаңына айналды.

Атап айтқанда:

Абдуллина Гульзира Есеновна (Ақтөбе қаласы, М. Әлімбаев атындағы №25 орта мектебі) көркем мәтінді терең талдауға арналған «Тәсілдер конструкторы» әдісін таныстырды.

Жисува Эльмира Сарбалаевна (И. Білтабаев атындағы орта мектебі) Оқуды белсенді ойлау әрекетіне айналдыру жолдарын көрсетті.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT