Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес  «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дебат жетекшілеріне арналған «Ең үздік көшбасшы» облыстық турнирі өтті.

Турнирге облысымыздың 12 ауданынан 20 фракция қатысып, өзара тартысты әрі мазмұнды ойын өрнегін көрсетті.

Турнир барысында ашық төрешілік жүргізіліп, қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, жіберілген қателіктерімен жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде дебат жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға оң ықпал етті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған «Темір» фракциясы I орынды иеленсе, II орынға «Мұғалжар» фракциясы лайық деп танылды. Ал жартылай финалға шығып, жүлделі III орынға ие болған «Қызыл жебе» және «ОйлаSay» фракциялары марапатталды.

Сондай-ақ турнирдің «Ең үздік спикері» номинациясы «Мұғалжар» фракциясының мүшесі Жұмашева Динараға берілді.

Аталған турнир дебат жетекшілерінің көшбасшылық қабілетін шыңдап, тәжірибе алмасуына, сыни ойлау мен шешендік өнерін дамытуға зор мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT