Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 10 қазан күні «Колледждегі тәрбие жұмысының тиімділігі және құқық бұзушылықтың алдын алу» атты облыстық семинар-практикум өтті.

  Әдістемелік семинар колледждің оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда білім алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

 Семинар барысында Ақтөбе облысының  білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас  маманы Г.К.Бакиева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері мен қатар тәрбие жүйесінің белсенді әдістері арқылы жастарға педагогтер тарапынан өмірлік ұстанымын, әрекетін саналы ұғуына педагогикалық көмек көрсету қажет екендігін айтып өтті.

 «Ақтөбе облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы,  полиция майоры М.Ә.Қойшыбаев кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және  жастардың  қоғамдағы орны мен құқығын білуі туралы басым бағыттарға және облыс  бойынша колледждермен бірлескен жұмыстары туралы ақпараттарға тоқталды

 Сонымен қатар, Хромтау тау - кен техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ө.Көрпебаева колледждегі ішкі тәртіп ережелерін сақтау – тәртіп бұзушылықтың алдын алудың кепілі екендігін айтып, біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жылдық жоспар бойынша  өткізілетін шараларына талдау жасап, бағдарламаның  мақсат, міндеттерін ашып,  құрылымы мен ұйымдастыру кезеңін талдап өтті.

 Тәжірибелік бөлімде:

  - Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің топ кураторы Г.С.Изтаева куратор тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты тұлға екендігін құндылықпен байланыстыра отырып топ сағатында сабақ көрнекілігінің мазмұны, тиімділігі мен түрлі әдістердің қолданылуын көрсетіп өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 

  -А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің жастар ісі комитетінің төрайымы Г.С.Сағындық мәдени-көпшілік іс-шаралар арқылы жастардың дүниетанымын қалыптастыруда жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды дамытудың маңызды тұстарын атап өтті.

-Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің  әлеуметтік педагогі А.Ә.Андақұлова мен педагог-психолог Ж.М.Жолмағанбетова Tedx форматында колледждегі психолог пен әлеуметтік педагогтың құқық бұзушылықтың алдын алудағы бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталып, білім алушылардың өмірлік ұстанымдарын дамытуда, қоғамдағы әр баланың орынның ерекшелігіне өз  іс-тәжірибелерінде көрсете білді.

  -Орталық әдіскері Б.Ж.Нурмолдина ТжКББ ұйымдарындағы 2025-2026 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар үлгілерімен таныстырды.

           Семинарға облыстық ТжКББ ұйымдарының 150-ге жуық тәрбие мамандары қатысты. Ашық диалогта тәрбие жұмысының нормативтік-құқықтық аспектілері, колледждер мен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттесу және білім алушыларды рухани қолдау мәселелері қаралды, семинар қорытындыланды.

 

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT