Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылғы 26 қарашада Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қобда көпсалалы колледжі базасында жұмысшы мамандықтар жылы аясында жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және өндірістік мәдениетті дамытуға бағытталған «EduTrend: жас мамандар алаңы» атты аймақтық семинар өтті.


  Іс-шараның ашылуында Қобда ауданы әкімінің орынбасары М.С.Кұлбергенов, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері В.Е.Досжанова және Қобда көпсалалы колледжінің директоры Б.Ж.Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, жас мамандарды қолдау мен кәсіби өсудің маңыздылығын атап өтті. Шара қонақтары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

           Семинар барысында еңбек нарығындағы өзекті мәселелер, жұмысшы мамандықтарының қазіргі заманғы рөлі талқыланып, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Қобда көпсалалы, Ойыл кәсіптік, Байғанин техникалық, Жайсаң көпсалалы колледждерінің жас мамандары тәжірибелік бағыттағы шеберлік сабақтарын өткізіп, білім алушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған презентациялық жобаларын ұсынды. Семинар барысында жас мамандар өз тәжірибелерін ортаға салып, төмендегі бағыттар бойынша кәсіби ұсыныстарын таныстырды:

  • Қобда көпсалалы колледжінің экономика пәнінің оқытушысы, педагог-психолог Ауэзова Бердігүл Құтжановна «Жас маманның кәсіби модельдері және тиімді коммуникация» тақырыбында ой қозғалды;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мұратқызы Айгерім «Жасанды интеллект көмегімен студенттердің оқу мотивациясын арттыру жолдары» жөнінде тәжірибелік тәсілдерін ұсынды;
  • Информатика пәнінің оқытушысы Гумаков Руслан Рамзанович «Оқу процесінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану» бағытындағы жұмыстары туралы баяндады;
  • Арнайы пән оқытушысы Өтепбаев Әлихан Есенкелдіұлы «Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және бағалау барысында CIS ақпараттық жүйесін қолдану» мүмкіндіктерін көрсетті;
  • Арнайы пән оқытушысы Егімбай Райымбек Сағынтайұлы «Ипотерапия – денсаулықты қалпына келтірудегі инновациялық әдіс» тақырыбында әдістемелік мағлұматтар берді;
  • Жайсаң көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы Жанторина Айгерім Махамбетовна мен педагог-психолог Айтбакова Мейрамгүл Серіковна «Оқушыларды мамандыққа бағыттау: колледж тәжірибесіндегі заманауи тәсілдер» бойынша тиімді амалдарды таныстырды;
  • Өндірістік оқыту шебері Құбайдулла Айша Рзабекқызы және ағылшын тілі пәні мұғалімі Сапарбек Назерке Сапарбекқызы «Байғанин техникалық колледжінің техникалық және кәсіптік білім беру кеңістігіндегі заманауи білім – сапалы маман даярлаудағы рөлі» туралы өз көзқарастарымен бөлісті;
  • Өндірістік оқыту шебері Кенжеғалиев Қанат Қуанышқалиұлы мен арнайы пән оқытушысы Жүнісова Мақпал Қайырғалиқызы «Колледждегі цифрландыру экожүйесі: оқу үдерісіндегі тиімді шешімдер» бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды таныстырды;
  • Қобда көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Гаврилова Юлия Николаевна мен Шекина Актоты Қабиболлаевна «Кәсіптік оқытудың жаңа форматтары және тағам дайындаудағы заманауи тәсілдер» бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Семинар жас мамандар үшін кәсіби дағдыларын жетілдіруге, жаңа тәжірибелерді меңгеруге және өңірлік білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік берді. Шара соңында ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT