2025 жылдың 17 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарындағы педагог-ассистенттердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу қызметі» тақырыбында облыстық flash-семинар өтті. Жалпы шараға облыстың 40-қа жуық педагог-ассистенттері қатысты.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/246-pedagog-assistentterge-arnal-an-oblysty-flash-seminar-tk-z-ld#sigFreeId547415bcb3
Шара барысында «Асыл Мирас» аутизмі бар (аутистік спектрдің бұзылуларымен) балаларды қолдау орталығының педагогтері өз- іс тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларды аутистік спектр бұзылысы бар балалардың қалаусыз мінез-құлық ерекшеліктерімен, жетондық жүйені қолдану әдістерімен, визуалды қолдау тәсілдерімен және түзету жұмысына жасанды интеллектті енгізу мүмкіндіктерімен таныстырды.
Семинар қорытындысында тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды.

