Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

    Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің директоры, басшы менеджер Берсугирова Шолпан Мазбаевнаның  озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында  «Қосымша білім берудегі заманауи трендтер мен мектеп басшысының миссиясы» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының директорларына, оқу-тәрбие орынбасарларына арналған семинар-практикум өткізілді.

     Шара барысында аудан әкімі Тоғызбаев Дәулетияр Қанатұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға өз ризашылығын білдірді. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.Нарегеева облыстық семинар-практикум бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, сәттілік тіледі.

Семинар-практикум барысында: «Қосымша білім берудегі заманауи трендтер мен мектеп басшысының миссиясы», «Қосымша білім беру бағдарламаларын жаңарту: әдіс-тәсілдер мен құралдар»,  «Мектеп басшысының миссиясы, мотивация, көшбасшылық және стратегиялық даму», «Қосымша білім берудегі жаһандық және ұлттық трендтер» «Қосымша білім берудегі менеджмент: басқарудың тиімді әдістері, ерекшеліктері» (топтық жұмыс), «Жас мамандарды қалыптастырудағы мектеп директорының қосымша білім беру орталықтарының ынтымақтастары  мен серіктестік үлгілері» «Ұжыммен тиімді қарым-қатынас орнату және ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, өз  іс-тәжірибесімен бөлісті.

        Шара соңында  Әйтеке би аудандық білім бөлімі басшысы Сәулеш Бақытжанқызы және Әйтеке би аудандық білім қызметкерлерінің .кәсіподақ ұйымының төрағасы  Зинел Бекетов қатысушыларға алғыс білдіріп, Берсугирова Шолпан Мазбайқызын Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады,

  

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT